Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда электр энергиясының тарифтері 7 жылға белгіленді

Қазақстанда электр энергиясының тарифтері 7 жылға белгіленді

Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – Энергетика министрлігі 2025 жылға дейін шекті тарифтерді белгіледі, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жаңа шекті тарифтер министрдің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген. Құжат 2019 жылғы қаңтардан бастап күшіне енеді.

Осылайша, "Астана-Энергия" шекті тарифтері 7 жылға 1 кВт/сағ үшін 4,87 теңге, ЖЭО-1,2,3, Қапшағай ГЭС - і, Каскад ГЭС-і 1 кВт/сағ үшін 8,33 теңге, Екібастұз МАЭС-і 1 кВт/сағ үшін 5,76 теңге мөлшерінде белгіленді.

Ең жоғары тариф Согринск ЖЭО (Өскемен қаласы) және Bassel Group LLS (Қарағанды облысы) 1 кВт/сағ үшін 7,1 теңге белгіленген.

Ал, ең төменгі тариф Қазақстан алюминий (Павлодар) 1 кВт/сағ үшін 3,5 теңге.

Похожие материалы