Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда «Фоккер-100» ұшағын техникалық актісіз пайдалануға тыйым салынды

Қазақстанда «Фоккер-100» ұшағын техникалық актісіз пайдалануға тыйым салынды

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті «Фоккер-100» әуе кемесін техникалық актісіз пайдалануға тыйым салды. Бұл туралы инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті «Бек Эйр» авиакомпаниясының атына компанияның инженерлік-авиация қызметінің басшысына шассидің алдыңғы агрегаттары мен тораптарын және шассиді жинау және шығару жүйесін бірреттік техникалық тексеруді ұйымдастыру жөнінде нұсқау жіберді. Тиісті техникалық актіні ҚР ИДМ ААК мен «Қазаэронавигация» РМК әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығына ұсыну қажет. Сонымен қатар Комитет «Қазаэронавигация» РМК ӘҚЖ бас орталығына «Фоккер»-100» әуе кемелерін көрсетілген техникалық актісіз ұшуға жібермеу жөнінде нұсқау берді», - делінген хабарламада. «Бек Эйр» авиакомпаниясының Фоккер-100 әуе кемесінің 2016 жылғы 27 наурызда Астана қаласының Халықаралық әуежайында болған авиациялық оқиғасының орын алу фактісі бойынша Азаматтық авиация комитеті аталған типті әуе ұшақтарының кезекті ұшулары алдында орын алғандай авиациялық оқиғаларды болдырмау жөнінде профилактикалық шаралар қолға алынды. Қазақстанда Фоккер-100 типті әуе кемелерін тек «Бек Эйр» авиакомпаниясы ғана пайдаланып келеді. Әуе кемелерінің паркінде аталмыш типті 8 ұшақ бар, оның 6-ы ҚР-нда пайдаланылады.

Похожие материалы