Нұр-Сұлтан. 29 маусым. 7kun.kz – Қазан айынан бастап елде киіктердің Орал популяциясын «коммерциялық бағытта реттеу» басталады. Батыс Қазақстан облысындағы 800 мың киіктің 80 мыңын атуға рұқсат берілді .Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Биотехникалық-экономикалық негіздеме аяқталды, ғалымдар киіктердің санын реттеу қажеттігін айтты. Бұл Орал популяциясы болады. Егер қазір ондағы киіктердің саны 800 мыңнан бас болса, онда олардың 10%-ға жуығы яғни, 80 мың бас киік атылады», – деді министр.
Ол киіктердің ауылшаруашылық малдарымен қақтығысып, жайылымдар мен егін алқаптарын таптап жатқандығын түсіндірді.
Ғылыми зерттеулерге 500 бас киік алынады деп жоспарлануда. Ал киіктердің 10%-ын атуға рұқсат 1 қазаннан беру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, қазір Қазақстанда 1,3 млн киік бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024