Қазақстанда Үндістан, Иран және Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізілді
Нұр-Сұлтан. 10 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда Қытай, Үндістан және Иран азаматтары үшін біржақты тәртіпте визасыз режим енгізілді. Сонымен бірге Үндістан мен Қытай үшін арнайы 72 сағаттық визасыз транзиттік режим қолданысын тоқтатты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті хабарлады.
Визасыз режим шарттарына сәйкес, бұл елдердің азаматтары шекарадан өткен сәттен бастап 14 күнтізбелік күнге дейін Қазақстанға визасыз кіріп, елде бола алады. Іскерлік, туристік және жеке мақсатта кіру рұқсат етіледі.
Қазақстанда визасыз режимде болудың жалпы мерзімі әрбір 180 күндік кезең ішінде 42 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
«Шетелдіктерге визасыз режим аясында еңбек және басқа да ақылы қызметпен айналысуға тыйым салынады», – делінген хабарламада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024