Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда орман өрттерінен қанша шығын келгені белгілі болды

Қазақстанда орман өрттерінен қанша шығын келгені белгілі болды

Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев ОКҚ-да өткен брифингте 2019 жылдың басынан бері республика ормандарында 499 орман өрті тіркелгенін айтты. Олардан келтірілген жалпы шығын 221,2 млн теңгені құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда орман өрттерінің саны 1,8 есеге артты (277 жағдайдан 499-ға дейін), бұл ретте орман өрттерінің көлемі 1,8 есеге азайды (117 266,5 га-дан 65 437 га-ға дейін).

«Жалпы елімізде 65 мың гектардан астам алқапта өрт болды. Оның ішінде 31 мың гектары орманды алқаптарын шарпыған.
Өрттен келтірілген жалпы шығын 221,2 млн теңгені құрады. Өкінішке орай, Алматы облысы әкімдігінің Жаркент орман шаруашылығындағы орманды дала өртін жою кезінде үш адам қайтыс болды. Сонымен қатар, алты адам түрлі дәрежеде күйік алды», - деді Нысанбаев.

Жалпы, оның айтуынша, 2014 жылдан бастап орман алқаптары 2014 жылы 80 мың гектардан 2018 жылы 57 мың гектарға дейін қысқарған. Осыған байланысты, 2018 жылдың соңында Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісе отырып, облыстардың әкімдіктері 2030 жылға дейін орманды молықтыру мен орман өсіруді ұлғайтудың кезең-кезеңдік жоспарларын бекітті.

Оны жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың көктемінде 26,7 мың га жерге орман отырғызылды. Күзде оңтүстік аймақтарда 35,9 мың гектар жерге ағаш отырғызылады. Бұдан басқа, 2019 жылдың көктемінде Корея Республикасының Орман шаруашылығы қызметімен бірлесе отырып, Қызылорда облысында құрғатылған Арал теңізінің түбін фитоорманмелиорациялау жөніндегі гранттық жобаны іске асыру шеңберінде 5 мың гектарға сексеуіл отырғызылды.


Похожие материалы