Экономика
Қазақстанда түсірілмей қалған Top Gear бағдарламасы 721 мың доллар шығын шекті
Танымал автокөліктер бағдарламасы Top Gear Қазақстандағы жоспарланған түсірілімінің болмай қалуынан 500 фунт стерлинг (721 мың доллар) шығын шекті. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.
Агенттік хабарламасында айтылғандай, "Аэрофлот" рейстерінің Қазақстанға ұшырылмауы себепті бағдарлама жүргізушілері Рори Рид, Сабина Шмитц және Эдди Джордан 40 жуық техникалық командасымен Мәскеуден Қазақстанға келе алмай қалған. "Бұл Top Gear-дің кінәсі емес. Әуе тасымалдаушы компания рейстердің Мәскеуден Қазақстанға ұшуына рұқсат берген жоқ. Осы себепті олар Лондонға қайтып кетті", - деп хабарлады ВВС корпорациясы.
Айта кетейік, "Аэрофлот" компаниясы 26 наурыз күні Қазақстан тарапынан жаз айларындағы ұшу кестесіне қатысты рұқсат құжаттары жеткізілмегендіктен тұрақты рейстерді тоқтатқаны туралы мәлімдеген болатын. Алайда ресейлік әуе тасымалы келесі күні Қазақстанның авиация билігінен рұқсат алған соң ұшу тәртібін қайта қалпына келтірді.





