Астана. 7 қараша. 7kun.kz – Қазақстанда көміртегі салығы енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде айтылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ведомство хабарлауынша, салық салу парниктік газдар шығарындыларын саудалаудың ұлттық жүйесі (ETS) бойынша шығарынды реттелмейтін қондырғыларға қолданылуы мүмкін.
«Төмен көміртекті технологияларды қабылдау арқылы көміртегінің бағасын айқындау құралдары, мысалы, ETS және шығарындыларға салық секторларды өндірушілерді көміртексіздендіруге көшуге ынталандырады. ETS өнеркәсіп үшін шығарындылардың шығынын нақтылайды. Осылайша, бұл баға сигналдары Қазақстанның энергетика секторының трансформациясын қолдауы мүмкін», – деді министрлікте.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024