Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жаңа бюджет заңы өз күшіне енді

Қазақстанда жаңа бюджет заңы өз күшіне енді

Қазақстанда "2016-2018 жылға арналған республика бюджеті" заңы өз күшіне енді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Құжатқа сәйкес мемлекеттің 2016 жылғы бюджет жетіспеушілігі - 723,4 млрд теңгені немесе ЖІӨ-нің 1,6%-ын құрайды. 2017 жылы - 600,8 млрд теңге немесе ЖІӨ-нің 1,2%-ын, 2018 жылы - 552,3 млрд теңге немесе ЖІӨ-нің 1%-ы болады деп күтілуде. Республикалық бюджеттің кірісі (трансфертті есептемегенде) болжам бойынша, 2016 жылы - 3,665 трлн теңге, 2017 жылы - 3,867 трлн теңге, 2018 жылы - 4,195 трлн теңге болмақ. Ұлттық қордың 2016-2018 жылға арналған кепілденген трансферт көлемі жыл сайынғы 15%-дық өсімсіз 2,4 трлн теңге деп анықталған. Ұлттық қордан бөлінген толық трансферт көлемі 2016 жылы 461,5 млрд теңгеден 567 млрд теңгеге дейін өсті. Ал "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыру үшін ұлттық қордан бөлінген ортақ трансферт көлемі 900 млрд теңгені құрады. Нәтижесінде республикалық бюджеттің 2016 жылға арналған шығыны 7,667 млрд теңге көлемінде болады деп болжанған. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы АҚШ доллары 250-300 теңге есебі бойынша және әлемдік нарықтағы мұнай бағасы 2016-2018 жылы барреліне 40 доллар есебі бойынша анықталды. Қазіргі уақытта доллардың ресми  курсы - 339,47/$1. Фото: almaty.tv

Похожие материалы