Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы пайда болады

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы пайда болады

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы жасалуда. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Роман Скляр  мәжілістегі отырыс кезінде мәлімдеді.

Отырыс барысында Вице-министрге депутат Өмірхан Өксікбаев мемлекеттік бағдарламалардың шарты жиі ауысатындығын айтып өтініш жасаған еді. «Қазір мемлекеттік бағдарламаны жергілікті органдар да, холдингтер мен үкіметтік құрылымдар да басқарады. «Самұрық» қоры да, «Бәйтеректе» және жекеменшік ұйымдар да айналысады. Неге барлық қаржыны бір құрылымға жинап, қаржыландырудың нақты механизмдерін белгілемеске. Бізде үнемі бір шарт екіншісіне ауысып жатады. Адамдар қай жерден не алатынын білмей, шатасып жатыр»,- деп атап өтті ол. «Иә, сіз,шынында, дұрыс сұрақ көтердіңіз. Аталған бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – Ұлттық экономика министрлігі. Түрлі санаттағы азаматтарға арналған түрлі бағдарлама бар. Қазір «Самұрық-Қазына» және «Бәйтерекпен» бірге тұрғын үй құрылысында жаңа шешім құрастырып жатырмыз. Барлығын қамтуға тырысамыз.  Аталған бағдарлама қазір құрастырылып жатыр. Кейінірек үкіметке жолдап, іске асырылуға қабылданады деп сенеміз. «Самұрық-Қазына» коммерциялық тұрғын үйге, «Бәйтерек» басқаларына жауап береді. Құрылым шамамен осындай болады», - деді ұлттық экономика вице-министрі Роман Скляр.

Похожие материалы