Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жұмысқа мұқтаж адамдардың саны артып келеді

Қазақстанда жұмысқа мұқтаж адамдардың саны артып келеді

Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылдың шілдесінің қорытындылары бойынша Қазақстанда жұмыс іздеушілердің саны 172,7 мың адамды құрады, бұл 2018 жылдың шілдесінен 11,7%-ға көп.

172,7 мың жұмыс іздеушілердің деңгейі елдің экономикалық белсенді халқының 1,9%-ын құрады.

Бұл ретте, Қазақстанда 11,7% өсім Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасында ең жоғары болып шықты.

Ресейде жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген адамдар саны бір жыл ішінде 5,3%-ға 727 мыңға дейін артты, ал Қырғызстанда – 2019 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша 24,4%-ға 83,1 мың адамға дейін өсті, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия.

Алайда, Арменияда жұмыс іздеушілер саны бір жыл ішінде 6,9%-ға 63,1 мың адамға дейін, ал Беларусьте 27,7%-ға 12 мың адамға дейін азайды.

Одақ елдерінің жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген адамдардың жалпы саны 1 миллион адамнан асты.

Похожие материалы