Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы барлық француз мейрамханалары жабылды

Қазақстандағы барлық француз мейрамханалары жабылды

Дағдарыс салдарынан Қазақстандағы барлық француз мейрамханалары жабылды. Бұл туралы Францияның Қазақстандағы бас консулы Патрик Ренар хабарлады.

"Бірақ, экономикалық шиеленіскен жағдайларға қарап, даму мен серіктестіктен бас тартуға болмайды. Неғұрлым аз шығынмен, жетістікке қол жету үшін өнертапқыштық пен шығармашылық болуы тиіс",- деді Патрик Ренар «Regard de France»  көрмесінің ашылуында. Ол Қазақстандағы дағдарысқа қарамастан француздық бизнестердің біздің елге қызығушылығын танытып жатқанын айтты. Сондай-ақ, жақында Алматыда Carrefour гипермаркетінің ашылғанын және Францияның бұрынғыдай алдыңғы қатарлы инвесторлардың бірі болып қалатынын атап өтті. "Өткен жылы Франция Қазақстанға 6 млрд доллар көлемінде инвестиция салды",- деді бас консул. Бұдан бөлек, жақында Қазақстанда Француздың сауда палатасы өз жұмысын бастады. Ол Францияда жұмысын бастауға ниетті қазақстандық бизнесмендермен бірлесе жұмыс атқарады.

Похожие материалы