Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы АЭС халықаралық жоба болады – премьер-министр

Қазақстандағы АЭС халықаралық жоба болады – премьер-министр

Қазақстан. 12 шілде. 7kun.kz ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов еліміздегі АЭС құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, энергия теңгерімі тексеру нәтижесінде елдің болашақта электр энергиясының тапшылығына тап болатыны анықталған.

«Атом электр стансасын салмай, бұл мәселені шеше алмаймыз. Егер экономикамызды электр қуатымен толық қамтамасыз етпесек, оның одан әрі дамуы өте қиын болады», – деді Әлихан Смайылов.

Ол АЭС-тің қайда жерде салынатыны туралы шешім қабылданғанын айтты.

«Қазір Энергетика министрлігі әлемдегі американдық, француздық, оңтүстік кореялық және ресейлік тиісті озық технологияларды зерттеп жатыр. Жалпы, бұл халықаралық жоба болмақ. Яғни, бірнеше елдің әртүрлі технологиялары қарастырылады. Осыдан кейін тиісті шешім қабылданады», – деді Смайылов.

Айта кетейік, Қазақстан АЭС салу бойынша Қытай, Корея, Ресей, АҚШ және Франциядан техникалық-коммерциялық ұсыныстар алды. Жобаны іске асыру мерзімі 10-12 жылды құрайды.

Похожие материалы