Александр Якубович Белович - 1955 жылы 19 тамызда қазіргі Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында дүниеге келді.
Білімі:
1974 жылы - Алматы құрылыс техникумын "техник-құрылысшы" мамандығы бойынша бітірген.
1984 жылы - Алматы сәулет-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
1974 жылы техникумды бітірген соң Қазпромниипроектте техник болды.
1974-1976 жылдары - Кеңес армиясының қарулы күштері қатарында қызмет етті.
1976-1991 жылдары - Алматы үй құрылысы комбинатында әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді: 4-ші дәрежелі СЖБК монтажшысы, СМУ-2 шебері, СМУ-2 прорабы, СМУ-2 аға прорабы, СМУ-2 бас инженері, СМУ-3 бастығы.
1991 жылы - "БАЗИС" шағын кәсіпорнын ашты.
1993 жылы — "Базис" құрылыс компаниясының президенті болып тағайындалды.
1994-1995 жылдары - Алматы қалалық әкімшілігінде әкімшілік басшысының орынбасары қызметін атқарды.
1995 жылы - "Базис-А Корпорациясы" ЖШС президенті болды.
1998-2007 жылдары - "Базис холдингтік компаниясы" ЖШС президенті қызметіне тағайындалды.
2007-2009 жылдары - "Базис-А Корпорациясы" ЖШС құрылыс жөніндегі кеңесші болды.
2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін - "Базис құрылыс компаниясы" ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеп жатыр.
2015 жылдан бастап - "BAZIS Холдинг компаниясы" ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Басқа да қызметтер:
- "Атамекен" ҰКП Құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы;
- "Атамекен" ҰКП президиумының мүшесі;
- Қазақстанның құрылыс саласы Ұлттық қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы;
- ҚР Жүзу Федерациясының Вице-президенті;
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі.
Активтері:
Александр Белович - "Базис-А" құрылыс корпорациясының негізін қалаушы және түпкі бенефициары. Ресейлік дереккөздерге сәйкес, 2017 жылдың басында Санкт-Петербургте "Климов" зауытынан аумақтың бір бөлігін сатып алды.
"Базис-А» құрылыс корпорациясының нысандары: "Нұрлы Тау" БО, Алматыдағы "Легур" бизнес-орталығы және Q БО, Q-2 БО, "Сулы-жасыл бульварда" БО, Астанада Millenium БО.
Александр Белович Forbes сайтының Қазақстандағы ықпалды бизнесмендер – 2018 рейтингінде 15 орынға, ал ең бай бизнесмендер арасында 18 сатыға орналасты.
Өткен жылы оның байлығы 324 млн долларды құрады.
Атақтары:
- Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры
- Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі
- Қазақстанның құрметті құрылысшысы
Марапаттары:
- Әдебиет және өнер(сәулет және құрылыс) саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
- "Құрмет" ордені
- "Парасат" ордені
- III дәрежелі "БАРЫС" ордені
- "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 10 жылдығы" медалі
- "Астана - Ардағым" сыйлығының лауреаты
Дереккөздер: forbes.kz, cyclowiki.org.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024