Клебанов Александр Яковлевич - 1963 жылы 27 наурызда дүниеге келген.
Білімі:
1986 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген.
Еңбек жолы:
1986-1988 жылдары - Алматы қаласындағы Тірі және венерология ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері болды.
1990-1996 жылдары - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының "Хром" спорт командасының дәрігері болып еңбек етті.
1996-2000 жылдары - "Airfinance Europe LTD" компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры болып тағайындалды.
2000-2006 жылдары - ҚР Президенті Іс басқармасының "Бүркіт" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болды.
2007 жылдан бастап осы уақытқа дейін - "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.
Басқа да қызметтері:
"Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды.
25.08.2018 жылға дейін "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Атқарушы комитетінің мүшесі.
Активтері:
Александр Клебанов "Қазақтелеком" АҚ-ның 24,47% (Лондонда тіркелген Sobrio Limited арқылы), "ОАОЭК" АҚ-ның 49,49% акцияларын иеленеді. Сондай-ақ, "ОАОЭК Инвестмент Групп" ЖШС, "ОАОЭК инвест "АИФРИ" АҚ, Tengrinews порталы, "Алаш Айнасы" газеті ("Алаш Медиа Групп"), "Тенгри FM" және "Жұлдыз FM" радиостанциялары, "Рахат ТВ" телеарнасында үлестері бар.
Forbes сайтының Қазақстандағы ықпалды бизнесмен - 2018 рейтингінде 13 орынға, ал ең бай бизнесмендер арасында 24 сатыға орналасты.
2018 жылы Александр Клебановтың жағдай $263 млн-ға тең. 2017 жылға қарағанда бір жылдық өсім +98 млн долларды құраған.
Марапаттары:
- “Құрмет” ордені
- ІІІ дәрежелі "Барыс" ордені (2015)
- ҚР Премьер-министрінің алғыс хаты
Отбасы:
Әйелі - Клебанова Дарья Владимировна.
Балалары: ұлы - Клебанов Яков Александрович.
Дереккөздер: online.zakon.kz, forbes.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024