Білімі
1970-1974 жылдары Мәскеу ветеринариялық академиясында білім алған.Еңбек жолы
1960-1970 жылдары еңбек жолын Шу аудандық дайындау конторасында жұмысшы болып бастады. 1974-1989 жылдары "Центросоюзда" жұмыс істеді. (Токмак, Қырғыз КСР) 1989-1991 жылдары Қазақстандағы бизнесін бастады. Яғни, "Невада-Семей" коммерциялық орталығының бас директоры болды. 1991-1994 жылдары - "Невада-Семей"АҚ Бас директоры және басқарма төрағасы, президенті болды. 1994-1998 жылдары - "Еуразиялық банк" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. 1998 жылдың қыркүйегінен бастап "Еуразиялық банк"АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. 2001-2007 жылдары - Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық президиумының мүшесі болды. 2002 жылы - "Қазхром"ТҰК АҚ президенті болып тағайындалды. 2004 жылы - "Қазхром" ТҰК АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2005 жылы - "Алюминий Казахстана" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. 2009 жыл — "Еуразиялық банк"АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. 1992 жылдан бастап бизнесмендер Александр Машкевич пен Патох Шодиевтің серіктесі саналады.Активтері
Алиджан Ибрагимов Eurasian Resources Group (IRG) 20,7%-ын иеленеді. Бұдан басқа, бизнесменге International Mineral Resources II B.V. (IMR) акцияларының 33,3%-ы, "Еуразиялық қаржы компаниясы" АҚ (Еуразиялық банк, "Еуразия" СК) 33%-ы және "Еуразиялық өнеркәсіп компаниясы" АҚ және "Еуразиялық өндірістік компания"АҚ-ның 33%- тиесілі.Отбасы
Жұбайы - Ибрагимова Мукадасхон Насиржановна. Балалары: ұлдары - Достян (1981 ж.), Даврон (1982 ж.), Шухрат (1986 ж.), Фурхат (1987 ж.). Forbes журналының нұсқасы бойынша 2018 жылдың наурыз айында Алиджан Ибрагимовтың жеке жағдайы 2,3 млрд долларға бағаланып отыр.Марапаттары
- "Құрмет" Ордені (2004)
- ІІІ дәрежелі Барыс ордені (2010)[7]
- 2008 жылы Ресей қоғамдық наградасы - экономика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтқаны үшін" Достық жұлдызы " орденімен марапатталған.
Дереккөз: forbes.kz, online.zakon.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024