Байсеитов Бақытбек Рымбекұлы - 1958 жылы 14 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді.
Білімі
1979 жылы Мәскеу қаржы институтын (қазіргі РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетін) бітірген.
1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын (Қазіргі Нархоз университеті) тәмамдаған.
1982-1986 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтының "Ақша айналымы және несие" кафедрасында аспирантурада оқыған.
1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек жолы:
1979-1980 жылдары - Алматы облыстық мемлекеттік банк кеңсесінің экономисі болды.
1981-1988 жылдары - КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық банкі басқармасының аға экономисі, бастығының орынбасары қызметін атқарды.
1988 жылы - КСРО Тұрғынсоцбанкінің Қазақ республикалық банкі басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.
1988-1991 жылдары - Алматы орталық кооперативтік банкінің басқарма төрағасы ретінде еңбек етті.
1991-1993 жылдары - "Центрбанк" Қазақ орталық акционерлік банкінің басқарма төрағасы болды.
1993 жылы - "Центрбанк" Бақылау кеңесінің (Директорлар кеңесінің) төрағасы қызметіне тағайындалды.
1997 жылдан бастап осы уақытқа дейін - "Банк ЦентрКредит" АҚ Бақылау кеңесінің төрағасы, ҚР Банктер қауымдастығының Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде еңбек етіп келеді.
2008 жылы - "Банк ЦентрКредит" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
Басқа да қызметтері:
1989-1992 жылдары - КСРО коммерциялық банктері қауымдастығы президиумының мүшесі болды.
1992-1996 жылдары - Қазақстан кәсіпкерлері Конгресінің Президенті қызметіне тағайындалды.
1991 жылдан бастап "Атамекен" қаржы-инвестициялық корпорациясының президенті қызметін атқарды.
1993-1996 жылдары - Америка-Қазақстан Іскерлік кеңесінің тең төрағасы болды.
1996 жылы Қазақстан банктері қауымдастығының президенті болып тағайындалды.
1998-2003 жылдары - "Тұран-Әлем Банкі" ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі ретінде еңбек етті.
1999 жылы - "Отан "Республикалық партиясы Орталық Тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.
2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі болды.
2003-2005 жылдары - "ВМВ Munai" компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі ретінде еңбек етті.
2007 жылы "Инвестментс Компани" Центр-Инвест" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
2009 жылы - "BCC Securities" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
2009 жылы - Халықаралық Банк кеңесінің вице-президенті болды.
Активтері
Бақытбек Байсейітов - "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның мажоритарлық акционері. "АИФРИ Orient Investments" АҚ-ның 100% және Caspian Services Inc-тың 88% акциясын иеленеді.
Forbes сайтының мәліметіне сәйкес, 2018 жылғы қорытынды бойынша Бақытбек Байсеитовтың жағдайы – $571 млн. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда $122 млн-ға көп .
Марапаттары:
- "Құрмет" ордені
- "Достастық Жұлдызы" ордені
- "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі (2001)
- "Тыңға 50 жыл" медалі (2004)
- "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медалі (2005)
- “Астананың 10 жылдығы” мерейтойлық медалі (2008)
Отбасы:
Әйелі - Байсеитова Лена Әділханқызы.
Балалары: Күләш 1982 жылы, Ғалия 1986 жылы өмірге келген.
Дереккөздер: online.zakon.kz, forbes.kz, kapital.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024