Қаниев Берік Сералыұлы - 1970 жылы 1 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.
Отбасы:
Үйленген, 4 баласы бар.
Білімі
1987 жылы - Республикалық физика-математика мектебін тәмамдаған.
Қазақ мемлекеттік университетін және Дьюка университетінің Фукуа Бизнес Мектебін бітірді
Еңбек жолы және кәсіпкерлігі:
1994-1999 жылдары - Берік Қаниев өзінің бизнес-мансабын мұнайды өңдеу мен таратудан бастады. "Корпорация КБК" ЖШС, "Казнефтеком" ЖШҚ және Neco Ltd президенті қызметін атқарды.
1998-1999 жылдары - "Қазақойл" мемлекеттік мұнай-газ компаниясының вице-президенті лауазымына тағайындалды.
1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің тәуелсіз кеңесшісі болды.
2003 жылы - Берік Қаниев, Нұрлан Қаппаров, Ерболат Досаев және Юрий Пак өздерінің автивтерін, білімі мен кәсібилігін біріктіруге шешім қабылдап, Lancaster Group холдингін құрды.
Кәсіпкер Нұрлан Қаппаровтың мемлекеттік қызметке кеткенінен кейін Lancaster Group директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
Басқа да қызметтері:
- Республикалық физика-математикалық мектебінің Директорлар кеңесінің төрағасы, мектеп бітірушілер Қорының тең құрылтайшысы және Қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
- "Арлан" футбол клубының құрылтайшысы және төрағасы;
- "Жас Қыран" балалар-жасөспірімдер футболы Республикалық Лигасының президенті және Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті;
- "Алматы қаласының балалар және жасөспірімдер футбол лигасы" ҚБ тең құрылтайшысы;
- Алматы және Маңғыстау облыстарының гольф федерацияларының негізін қалаушы;
- YPO Kazakhstan мүшесі;
- IQanat білім беру жобасының қатысушысы.
Активтері:
Берік Қаниев - Lancaster Group директорлар кеңесінің акционері және төрағасы. Оған "ЕР САЙ Каспиан Контрактор", SITEK Caspian, DSL Caspian мұнай сервистік компаниялары, "РТС Деко" ЖШС (JCDecaux француз компаниясымен бірлесіп, сыртқы жарнама саласындағы көшбасшы), тау-кен - Tin One Mining (бұрынғы "Сырымбет" АҚ), логистикалық Senko-Lancaster Silk Road Logistics (жапондық Senko бірлесіп), Lancaster Invest инвестициялық басқарушы компаниясы және фармацевтикалық - Abdi Ibrahim Global Pharm (Abdi Ibrahim түрік компаниясымен бірлесіп) кіреді.
2018 жылы Forbes сайтының зерттеуінше бизнесменнің жылдық табысы 166 млн долларды құраған. Бұл кәсіпкерге Қазақстандағы ең бай 50 бизнесменнің қатарына кіруге мүмкіндік берді (33 орын). Сондай-ақ, Берік Қаниев "Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен - 2018" рейтингінде 32 орынға орналасты.
Дереккөз: forbes.kz, ru.lancasterholding.com.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024