Білімі
1975 жылы Қызылорда қаласында Қ. Е. Ворошилов атындағы №3 мектепті тәмамдаған. 1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, мамандығы - экономист.Еңбек жолы
Институтты бітіргеннен кейін Алматы халық шаруашылығы инсититутында оқытушы болып, 1986 жылға дейін Алматы сауда басқармасы жүйесінде жұмыс істеген. Сондай-ақ, Кеңес аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1990-1992 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы болды. Одан кейін сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі министрлігінде жұмыс істеді. 1992 жылы Австриядағы қазақ сауда үйінің бас директоры болып тағайындалды. 1993-1994 жылдары Қазақстанға оралып, ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрінің орынбасары болды. 1994-1995 жылдары ҚР өнеркәсіп және сауда министрінің бірінші орынбасарлығына тағайындалды. 1996-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болды. 1999 - 2003 жылдың маусымына дейін ҚР Президентінің саяси және сыртқы экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. 2003 - 2006 жылдың наурызына дейін - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін атқарды. 2006 - 2008 жылы желтоқсанға дейін - ҚР Президентінің іс басқарушысы болды. Осы қызметте істеген кезде Астанада әлеуметтік нысандардың құрылысына қатысты: жабық футбол стадионы, Бейбітшілік және келісім сарайы (Пирамида), "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығы, Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытуға қатысты: Абылай ханның атақты алаңын қайта құру, туристік орталықтардың инфрақұрылымын құру, "Бурабай" МҰТП ұлттық паркінің питомниктері, марал шаруашылығы, сонымен қатар, Президенттің бірінші астаналық резиденциясы негізінде ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы құрылды. 2007 жылы Қазақстан теннис федерациясының президенті болып сайланды. 2008 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың наурызына дейін - ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды. 2010 жылдың мамырынан 2013 жылдың наурызына дейін — Қырғыз Республикасымен ынтымақтастық мәселелері бойынша ҚР Президентінің Арнайы өкілі болды. 2014 жылдың ақпан айынан бастап — Болат Өтемұратовтың "Асыл Мирас" жеке қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің негізін қалаушы және мүшесі.Саяси қызметі
2004-2006 жылдары Болат Өтемұратов Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы бола отырып, ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Президенті жанындағы демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы болып тағайындалды. 2007 жылдың шілдесінен бастап "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының саяси кеңесінің мүшесі болды.Қоғамдық қызметі
2007 жылдың тамыз айында Болат Өтемұратов ҚР Теннис федерациясының президенті болып сайланды. Теннистен ұлттық құраманың болашақ мүшелерін дайындау мақсатында — Team Kazakhstan теннис академиясы құрылды. Теннистен ерлер құрамасы үш рет Дэвис Кубогының ширек финалына шықты (2011, 2013, 2014 жж.), әйелдер құрамасы Федерация Кубогының әлемдік тобында ойнайды. 2010 жылдың қазан айынан бастап Болат Өтемұратов "Атамекен Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы президиумының мүшесі саналады.Кәсіпкерлігі
Болат Өтемұратов - Қазақстандағы беделді кәсіпкерлердің бірі. Оның алғашқы ірі жобасы — "АТФ Банкінің" өсуі және оның UniCredit италиялық тобына сәтті сатылуы (1995-2007 жж.қараша). Осы кезеңде банк шағын қаржы мекемесінен 160 бөлімше және 8 миллиард балансы бар ірі мультиаймақтық және мультиөнімдік қаржы тобына өсті. 2009 жылғы дағдарыстан кейін мына банктер құралды: Kassa Nova-Қазақстандағы алғашқы микрокредиттік банк және бизнеске арналған банк - ForteBank. 2014 жылдың мамыр айында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры бизнесмен Болат Өтемұратовқа Темірбанктегі үлесін және Альянс банктегі өз акцияларының бір бөлігін сату бойынша мәмілені аяқтады. Қор "Темірбанк" АҚ-ның 79,88% жай акцияларын 35,7 млрд теңгеге, сондай-ақ "Альянс Банк" АҚ-ның 16% жай және ерекше акцияларын 1,5 млрд теңгеге сатты. "Темірбанк" АҚ қосымша 2010-2012 жылдары "Самұрық-Қазына" АҚ-ға 9,1 млрд теңге көлемінде дивидендтер төледі. Мәміле нәтижесінде "Самұрық-Қазына" АҚ 51% жай және ерекше акциялардан "Альянс Банк" АҚ акцияларының бақылау пакетін сақтап қалды. Ал Болат Өтемұратов "Темірбанк"АҚ-дағы бақылаушы акционер болды. Болат Өтемұратов Алматы мен Астанада Haileybury балалар жалпы білім беретін мектептерінің негізін қалаушы, "Нархоз Университеті" АҚ Қамқоршылық кеңесінің жетекшісі ("Нархоз университеті" - бұрынғы Алматы халық шаруашылығы институты). Болат Өтемұратов 2016 жылдың мамыр айында бағасы 2,4 млрд долларға тең болатын капиталмен Қазақстанның 50 бай бизнесменінің тізімінде болды. 2018 жылдың наурыз айында Болат Өтемұратов Forbes мәліметтері бойынша 924 орынға шықты. Активтері: Венада, Мәскеуде және Астанада Ritz-Carlton отелдеріне, Rixos Borovoe отеліне, Қазақстандағы фастфуд Burger King франшизасына, ақпараттық-аналитикалық интернет-порталына ие. Ол "Верный Капитал" инвестициялық компаниясының негізін қалаушы, Informburo.kz, Narxoz университеті, Global Development жылжымайтын мүлікті басқару компаниясы, RG Gold алтын өндіруші компаниясы. Өтемұратов Glencore Plc трансұлттық трейдерінің миноритарлық үлесіне тікелей иелік етеді, ForteBank мажоритарлық акционері болып табылады, "КаР-Тел" ЖШС ("Билайн"байланыс операторы) 28,5% бақылайды.Қайырымдылық қызметі
Болат Өтемұратов қорының қаражатына аутизм проблемасы бар балаларға арналған "Асыл Мирас" атты 4 орталық ашылды. Жыл сайын "Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі" атты халықаралық конференция өтеді. 2017 жылы қордың жұмысы кеңейді. Енді қор табиғи апаттар кезінде зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді. Сондай-ақ,БЦП (балалар церебральді параличі) бар балаларға ерте бейімдеу бойынша оңалту жұмыстарын қаржыландырады. "Верный капитал" қорының қайырымдылық қызметіндегі ерекше мақсаты – "Нархоз" университетін қалпына келтіру, дамыту және еуропалық деңгейдегі оқу орындары – Haileybury британдық мектептер желісін құру. Қайырымдылық жасаушы өз қорының әлеуметтік қызметіне 12,5 млн. доллардан астам қаржы салды.Марапаттары:
- "Құрмет" Ордені (2002)
- "Тұңғыш Президент" Ордені (2007)
- ІІ дәрежелі Достық ордені (2014)
- Қызылорда облысының "Құрметті азаматы"
- Халықаралық теннис Федерациясы мен Азия теннис федерациясының сыйлықтарымен марапатталды (2017).
- "Алтын Жүрек" сыйлығының иегері (2018)
- Болат Өтемұратовтың "Асыл Мирас" қайырымдылық қорының қызметі "Жомарт жүрек-2018" сыйлығының "Жүректен жүрекке" номинациясы бойынша марапатталды.
Отбасы
Жұбайы - Байшуақова Ажар Әбжәмиқызы. Балалары: ұлдары Әлидар Өтемұратов (1979 жылы туған) және Әнуар Өтемұратов (1983 жылы туған), қызы Динара (2003 жылы туған).Дереккөз: ru.wikipedia.org, bulatutemuratov.kz