Ыдырысов Дінмұхамет Аппазұлы - 1964 жылы 29 желтоқсанда қазіргі Түркістан облысы, Арыс қаласында дүниге келген.
Білімі:
1982 - 1989 жылдары - Өскемен құрылыс-жол институтының Алматы филиалында инженер-құрылысшы мамандығында оқыған.
1996 жылы - кандидаттық диссертация қорғап, Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын аяқтаған.
1999 жылы - Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Ғылыми атақтары:
- Техника ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: "Қабырға керамикасы мен аргиллит құрамының көмір қалдықтарының ғылыми-технологиялық негіздері" (2003)
- Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі (2006)
Еңбек жолы:
1989-1990 жылдары - ҚазКСР-ның Автожол министрлігінде 1- тұрғын үй-пайдалану басқармасының шебері болып жұмыс істеді.
1989-1996 жылдары - Алматы автожол институтының оқытушысы ретінде еңбек етті.
1990 жылы - Өскемен жол-құрылыс институтының аға лаборанты болған.
1991-1996 жылдары - Алматы автожол институтының ассистенті қызметін атқарды.
1996-1997 жылдары - "Қараспан" ЖШС директоры болып тағайындалған.
1997 жылы - "Алма-Ойл" ЖШС және " Ордабасы" ЖШС
құрылтайшысы және президенті болды.
2000-2002 жылдары - "Ордабасы" ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымын иеленді.
2002-2005 жылдары - "Ордабасы" корпорациясы " АҚ президенті қызметін атқарған.
2005 жылы - "Қазақстандық Коммуналдық жүйелер" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
2005 жылы (қаңтар-шілде) - "Ордабасы" корпорациясы " АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.
2005-2006 жылдары - "Ордабасы" корпорациясы " АҚ президенті қызметіне қайта сайланды. Сондай-ақ, "Қазақстан Темір Жолы "ҰК"АҚ Басқарушы директоры қызметін атқарды.
2006 жылы - "Ордабасы" корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы болды.
2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - "Maten Petroleum" АҚ Директорлар кеңесін басқарады.
2010 жылдың сәуірінен осы уақытқа дейін - "Ordabasy Group"ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы болып табылады.
Басқа да қызметтері:
2001-2003 жылдары - «Наурыз Банк Қазақстан» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
2001-2003 жылдары - "Нефтебанк" ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды.
2004 жылдан бастап - "Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.
2005 жылдан бері - Үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылады.
2005-2006 және 2007-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі ретінде тіркелді.
2007 жылдан бастап - "Атамекен" Одағы " Ұлттық Экономикалық палатасының Басқарма мүшесі қызметін атқарады.
2008 жылдан бастап - "Оңтүстік "ӘКК "ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
2009-2012 жылдары - "Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы " АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.
2012 жылы - "Amanat Insurance" СК " АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
"Қазақстандық Коммуналдық жүйелер" ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы лауазымына сайланған.
Марапаттары:
- «Құрмет» (2005) ордені
- «Парасат» (2011) ордені
Еңбектері:
2 монография және 40-тан астап ғылыми еңбектің авторы.
Отбасы:
Әйелі - Ыдырысова (Нұрлақова) Магда Камалқызы.
Балалары: Ұлдары - Жармұхамет (1994 жыл), Камал (2004 жыл). Қыздары - Мадина (1996 жылы туған), Алина (1999 жыл), Луиза (2001 жыл). Тағы екі баласы бар, бірақ олар туралы ешқандай ақпарат жоқ.
Активтері:
Дінмұхамет Ыдырысов өзі құрған "Ордабасы" басқарушы компаниясының бақылау үлесіне ие. Оған Түркістан, Қарағанды, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында ұсынылған "Қазақстандық коммуналдық жүйелер" энергетикалық компаниясы тиесілі.
Бизнесменнің "Akniet Pharmaceuticals" ЖШС, СК Amanat Insurance, "ҚазАзот" ЖШС, "Ансаған Петролеум" АҚ, "Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты"АҚ-да үлестері бар. 8,99% жай акциясы болған Qazaq banki 2018 жылдың тамызында банктік және өзге операцияларды жүзеге асыруға берілетін лицензиядан айырылды.
Кәсіпкер - "Ана үйі"жобасының қатысушысы, "Атамекен" ҰКП Төралқа мүшесі.
Forbes сайтының деректеріне сәйкес, 2018 жылы Д.Ыдырысовтың жағдайы 280 млн долларға тең. Ол Қазақстандағы ықпалды және ең бай бизнесмендердің қатарына кіреді.
Дереккөздер: forbes.kz, dom-mamy.kz, tadviser.ru.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024