Рақышев Кеңес Хамитұлы - қазақстандық бизнесмен, акционер. 1979 жылы 14 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келді.
Білімі:
2000 жылы - Қазақстан мемлекеттік заң академиясын (ҚазМЗУ) бітірген.
2002 жылы - Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.
2007 жылы - Advanced Management бойынша Oxford Saïd Business School халықаралық бизнес-мектебінің дипломын, Developing Strategy for Value Creation бойынша London Business School мектебінің сертификатын алған.
Еңбек жолы:
1998-1999 жылдары - ҚР ІІМ жанындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі Қорының кеңесшісі болды.
2000 жыл - "Тұран-Әлем Банкі" ААҚ оқу орталығының маманы болып жұмыс істеді.
2000 жыл - "ҚазТрансГаз" ЖАҚ менеджері қызметін атқарды.
2000-2002 жылдары - "Intergas Central Asia" ЖАҚ материалдық-техникалық жабдықтау департаментінің маркетинг бөлімінің маманы, бастығы болып еңбек етті.
2002 жыл - "ҚазТрансГаз" ЖАҚ ЖЭС басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.
2003 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың қазанына дейін - "Қазмұнайгаз Сауда үйі" ЖШС Бас директорының экспорт жөніндегі бірінші орынбасары болды.
2003-2004 жылдары - "ҚазТрансГаз" АҚ Бас директорының Маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2004-2005 жылдары - "Меркурий" ЖШС Бас директоры болып еңбек етті.
2006 жылғы қарашадан бастап - "SAT & Company" Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
2007 жылғы қыркүйектен бастап - "SAT & Company" АҚ Басқарма төрағасы болды.
2014 жылғы 14 ақпаннан бастап - БТА Банкі Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
2015 жылдың қаңтарынан бастап - "Казкоммерцбанк" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.
2016 жылғы сәуірден бастап - "Казкоммерцбанк" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
2016 жылғы мамырдан бастап - "Казкоммерц-Полис" СК Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
2018 жылғы 29 наурызда - БТА Банкінің Директорлар кеңесінің басшысы қызметінен кетті.
Басқа да қызметтері:
2004 жылғы қазаннан бастап - ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті қызметін атқарды.
2005 жылғы наурыздан бастап - ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы одағының вице-президенті болды.
"Выборг кеме жасау зауыты" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, "Астрахан кеме жасау зауыты" ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі ретінде еңбек етті.
2007 жылғы қарашадан бастап - "Kazakhstan Petrochemical Industries" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.
2012 жылы — "Атамекен "Одағы" ҰЭП бизнес-қауымдастығы президиумының мүшесі болды.
2012 жылы - "Қазақстанның жас кәсіпкерлер қауымдастығы" ЗТБ Президиумының төрағасы қызметіне тағайындалды.
2013 жылы — ҚР Президенті жанындағы "Жас кеңес" жастар саясаты кеңесінің мүшесі ретінде еңбек етті.
2014 ж — "Қазақстан инжиниринг" ҰК АҚ тәуелсіз директоры болды.
Қызмет салалары: тау-кен және металлургия өнеркәсібі, қаржы, сақтандыру, IT, медиа.
Кәсіпкерлік қызметі:
2006 жылы Кеңес Рақышев Қазақстан, Қытай, Түркия елдерінің 50 кәсіпорнын біріктіретін ірі индустриялық холдинг – SAT&Company директоратын басқарды. Компания болат өңдеумен, көмір өндірумен, түрлі-түсті металдармен, ферроқорытпалармен, мұнай трейдингімен, машина жасаумен және индустрияның көптеген бағыттарымен айналысады. Бұл - Рақышевтің іскерлік империясының "жүрегі". Ол холдингтің 77,62% акциясын иеленеді.
Бизнесмен 2010 жылы 20 миллион долларға фото және бейне контент үшін Mobli кеңейтілген желілік ресурсын басқару үлесіне қатысты.
2012 жылдан бері қазақстандық кәсіпкер АҚШ-та, Израильде және Ресейде бірқатар инновациялық жобаларға қатысты: Net Element, PayOnline, Fastlane Ventures, SingulariTeam. Рақышевтің венчурлық жобаларына жалпы салымдар шамамен 87,5 миллион долларды құрайды.
2013 жылдың сәуір айында Рақышев Израильдің экс-премьер-министрі Эхуд Ольмертпен бірлесіп Genesis Angels венчурлік қорын $10 млн капиталмен ашты. Қор робототехникалық индустриядағы серпінді технологияларды іздестіру және қаржыландыру үшін негізделген, сондай-ақ осы сегментке маманданған ірі венчурлік қорлардың ондығына кіреді.
2013 жылы бизнесмен Central Asian Metals plc – катод мысын өндіру акцияларының 20%-ын сатып алды.
2014 жылы ол "Magnum Cash & Carry" – ҚР-ның ең ірі желілік ритейл-компаниясын инвестициялады.
2015 жылдың желтоқсанында Рақышев "Жетінші арна" телеарнасының 100% акциясын сатып алу туралы мәмілеге қол қойды.
2017 жылдың 12 желтоқсанында Кеңес Рақышев пен израильдік кәсіпкер Моше Хогег жаңа жоба - FINNEY смартфон мен компьютерін қолдау мақсатында ICO іске қосты. Нәтижесінде, SIRIN LABS тек бірінші сағатта 16 миллион доллар жинады, ал бір тәуліктен кейін сома 95 миллион доллардан асты. Компанияның амбассадоры Лионель Месси болды.
2017 жылдың желтоқсанында Кеңес Рақышев Ұлыбританияда тіркелген ірі ресейлік тау-кен және алтын өндіруші холдинг компанияларының бірі Petropavlovsk-тің 22,42%-ын сатып алды.
Қоғамдық және қайырымдылық қызметтері:
Бизнес-қызметтен басқа Рақышев Қазақстанның қоғамдық өміріне белсене қатысады. Отанына қолдау, өз азаматтарына көмек көрсетуге және жастардың перспективалық идеяларын жүзеге асыруға көмектесетін жобаларды үнемі қаржыландырып, жеке өзі қадағалайды. Қазақстандық кәсіпкердің қатысуымен өткен әлеуметтік жобалардың саны көп. Мысалы: Наурызбай ауданына көмек – селден зардап шеккен мүгедектер мен көп балалы отбасыларға қаржылай көмек көрсетілді. Осы ауданада 200 оқушыға арналған мектепті салуға өз қаржысынан ақша бөлді.
Рақышевтер отбасы жас кәсіпкерлерді белсенді қолдайды, жетімдер мен аз қамтылған отбасыларға көмектеседі. Кеңес жұбайымен балаларды, жастар мен мүгедектерді қолдайтын "Сәби" қайырымдылық қорын құрды.
«Сәби» медициналық бағдарламасының арқасында 300 мыңнан астам адам емделуге көмек алды. Қор мүгедектерге қолдау көрсетіп, олардың ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 62 такси автомобилін сатып алды.
Қордың жұмысы шеңберінде гранттар бөлініп, Қазақстанның талантты студенттерін оқытуға жұмсалған шығындар жабылды. Білім беру бағдарламасына еліміздің әлеуметтік және оқу орындары қатысып, жобаның арқасында мыңнан астам адам курстан өтіп, практикалық мамандықтарға ие болды.
"Тайбурыл" стипендиясы - ең озық идеялары бар көрнекті студенттерге арналған стипендияны қаржыландырады.
Финтех-стартаптар орталығы - жас финтех-стартаптарға көмек көрсететін ұйым. Осы орталықтың базасында стартаперлер өз идеяларын бухгелтерияға, заң аспектілеріне және басқа да сұрақтарға жауап іздемей, тегін жүзеге асыра алады.
Сондай-ақ, "Сәби" қоры спорт алаңдарын, ойын қалашықтарын және жаттығу залдарын салуды қаржыландырады. Рақышевтер отбасы Алматыға 1200 орындық жаңа мектеп сыйлады.
"Өз бизнесіңді жаса" бағдарламасын Кеңес Рақышев пен Вячеслав Ким қаржыландыруымен "Сәби" қоры ұйымдастырды. Мұнда жас кәсіпкерлер өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруға тегін грант ала алады. Соңғы бес жылда бағдарлама бойынша 1 миллионнан астам доллар берілді.
2016 жылы "Мейірім" әлеуметтік бейімдеу орталығы жұмысын бастады. Ол 29 жасқа дейінгі балалар үйінің түлектеріне тұруға мүмкіндік береді және орталықтың базасында практикалық білім алуға көмектеседі.
Марапаттары:
- "Құрмет" ордені (2015)
- Чешен республикасының жоғары наградасы - Ахмат Қадыров атындағы ордені
Еңбектері:
- "Қазанат" (2006 жыл) кітабының бірлескен авторы.
- "Бүркіт — Ұлы дала символы" (2009 жыл) кітабының бірлескен авторы.
Отбасы:
Әкесі - Хамит Қошанұлы Рақышев (қоғам қайраткері, меценат және бизнесмен). 1993 жылдан бастап 14 жыл бойы Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палатасының тұрақты төрағасы болды. Президент аппараты мен республика Үкіметінде жоғары қызмет атқарған.
Анасы - Балжан Әлдіғожақызы Рақышева.
Әйелі - Әсел Иманғалиқызы Тасмағамбетова (бизнес-вумен, Қазақстанның көрнекті саясаткері Иманғали Тасмағамбетовтың үлкен қызы). Ол өзінің қайырымдылық қызметі үшін елде өте құрметке ие. Әсел балаларға, қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектеседі. Дарынды жастардың білім алуын қолдайды.
Әсел Тасмағанбетоваға "Veles" мұнай компаниясының жарғылық қорының бір бөлігі, еліміздегі жалғыз "органикалық" парфюмерлік-косметикалық бренді "Telli" тиесілі. Сонымен қатар, Кеңес Рақышевтің әйелі – Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының директоры.
Балалары: Дінмұхаммед (2000 жылы туған), Нуруддин (2005 жылы туған).
Активтері:
Кеңес Рақышев норвегиялық Araca Energy Asa энергетикалық компаниясы, американдық PayPal Holding (электрондық төлем жүйесі) акциялары тиесілі "Fincraft Инвестициялық үйі" АҚ-ның (бұрынғы "БТА Секьюритис" АҚ) жалғыз меншік иесі болып табылады.
Бұдан басқа, бизнесменнің Petropavlovsk алтын өндіретін компаниясында, SAT & Company холдингінде, "Standard" Сақтандыру компаниясы " АҚ-да, NASDAQ-да саудаланатын мобильді төлемдер мен транзакциялық сервистерде маманданған NetElement-те акциялары бар. YPO Қазақстан мүшесі, Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясының президенті.
2018 жылы Forbes сайты құрған "Қазақстандағы ең бай бизнесмендер" рейтингінде 8 сатыға орналасты. Өткен жылы Кеңес Рақышевтің жағдайы 691 млн долларды құраған.
Дереккөз: ru.wikipedia.org, forbes.kz, kapital.kz, kengesrakishev.net, tumba.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024