Білімі
Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Содан кейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аспирантурасын тәмамдаған. Философия ғылымдарының кандидаты.Еңбек жолы
Еңбек жолын оқытушы, аға оқытушы, философия кафедрасының доценті болып бастады. Кейін ҚазҰУ-да Ғылыми-зерттеу бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет етті. 1987-1988 жылдары — Жоғары және арнаулы орта білім министрінің орынбасары, басқарма бастығы. 1988-1992 жылдары — Қазақстан Республикасы білім министрінің орынбасары. 1992 жылдан бастап — "BSB" корпорациясының президенті. 1997 жылдан бастап — "Central Asia Petroleum" (Индонезия) компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы болды. 1998 жылдың мамырынан бастап — "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Бақылау кеңесінің (Директорлар кеңесінің) төрағасы.Активтері
Рашид Сәрсеновтің үлесіне «Нұрбанк» АҚ акцияларының 84,45% және «Виктория» сақтандыру компаниясының 100% акциясы, «Гелиос» жанар-жағар май құю станцияларының желісі тиесілі. Сондай-ақ, Павлодарда “KSP Steel” зауыттарында, Көкшетауда “Көкше” цементінде, Ақтауда – Фибрглидті құбыр зауытында және “Каспий Rivera” қонақ үйінде үлесі бар. Бизнесмен “Vita” су өндіру және сату компаниясы, француз үйі, “Beautymania”, “Imperial Home”, “Planet Beauty” және “Dibek” ат спорт клубын басқарады. Білім беру активтерінің ішінде Алматы құрылыс және басқару колледжі мен Каспий мемлекеттік университеті бар.Марапаттары
- "Құрмет" орденімен марапатталған (2003)
Отбасы
Әпкесі— Софья Сарсенова (1946 ж.). Қызы Карина Сарсенова — жазушы, психолог, ақын, продюсер, "Қайнар" университетінде этникалық психологиядан сабақ берді, 5 поэтикалық жинақтың, он екі әңгіме жиынтығының және фантастикалық жанрда жазылған романның авторы. Жиені Максим Сәрсенов - бизнесмен, "Ecotaxi.kz" негізін қалаушы, "Jolly Volly" атты кофе бизнесі бар.Дереккөз: forbes.kz, ru.wikipedia.org
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024