
Алматы. 24 желтоқсан. 7kun.kz – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық банктерге ағымдағы шоттағы ақша қалдығына сыйақы төлеуге тыйым салынады.
Азаматтық кодекске тиісті түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржылық ұйымдарды тәуекелдікке қадағалау, тұтынушылардың қаржылық қызметтерін қорғау және Ұлттық Банктің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілді.
Құжатқа сәйкес Азаматтық кодекстің арнайы бөлігінің 751-бабы екі және үш бөлікпен толықтырылады.
«Ағымдағы банк шотында орналастырылған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы төленбейді. Қолма – қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін банк банктік шот шартымен белгіленген қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарының сомасынан кіріс төлей алады» , - делінген құжатта.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025