Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық банктерге ағымдағы шоттың қалдығына сыйақы төлеуге тыйым салады

Қазақстандық банктерге ағымдағы шоттың қалдығына сыйақы төлеуге тыйым салады

Алматы. 24 желтоқсан. 7kun.kz – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық банктерге ағымдағы шоттағы ақша қалдығына сыйақы төлеуге тыйым салынады.

Азаматтық кодекске тиісті түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржылық ұйымдарды тәуекелдікке қадағалау, тұтынушылардың қаржылық қызметтерін қорғау және Ұлттық Банктің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілді.

Құжатқа сәйкес Азаматтық кодекстің арнайы бөлігінің 751-бабы екі және үш бөлікпен толықтырылады.

«Ағымдағы банк шотында орналастырылған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы төленбейді. Қолма – қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін банк банктік шот шартымен белгіленген қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарының сомасынан кіріс төлей алады» , - делінген құжатта.

Похожие материалы