Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақстандық кәсіпкерлер ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету бойынша кредит беру тетігін іске асыруға субсидия ретінде 30 миллиард теңге алады.
Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктер Ұлттық банк пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен 600 млрд теңге алады. Банктердің тартылған және меншікті қаражаты келесі бағыттар бойынша басым жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады:
агроөнеркәсіп кешеніндегі (АӨК) қайта өңдеуге-100 млрд теңгеге дейін;
АӨК өндірісіне-100 млрд теңгеге дейін;
өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторына — 400 млрд теңгеге дейін.
ЕДБ-ға қаражатты орналастырудың негізгі шарттары:
ЕДБ меншікті капиталының ең төменгі мөлшері кемінде – 60 млрд теңге;
ШОБ жобаларын берілген кредиттердің жалпы көлемінің кемінде 17%-і мөлшерінде қаржыландыру.
Кәсіпкерлерді қаржыландырудың негізгі шарттары:
қарыз алушылардың қарыздары бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі – жылдық 15%-тен аспайды;
субсидиялау мөлшері - номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 7%-і;
бір қарыз алушыға арналған ең жоғары лимит – шектеусіз;
инвестицияны субсидиялау мерзімі – 7 жылға дейін.
Қаражат мына мақсатқа беріледі:
инвестициялар және айналым қаражатын толықтыру;
жаңартылатын негізде айналым қаражатын толықтыру.
«Субсидиялау құралдарын дамыту мақсатында Қор 30 млрд теңге алады, олардың есебінен Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік сектор кәсіпорындарын дамытуға және жаңғыртуға бағытталған жобаларды субсидиялау жүзеге асырылады», - деп түсіндірді «Даму» қорының басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.
Қолжетімді кредит беру механизмі жеке кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының өңірлері үшін басым экономика салаларын дамытуға мүмкіндік береді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024