Импорттық тауарлардың бағасы бір жылда 13%-ға өсті, деп хабарлайды 7kun.kz.
2022 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар нарықты ұн (сұраныстың 99,7%-ы отандық өндіріспен қамтамасыз етілген), жұмыртқа (97,2%), жарма және күріш (96,6%), қызыл ет және құс еті (95,5%), өсімдік майы (88,8%), сондай-ақ макарон өнімдері, кеспе және басқа да ұқсас ұн өнімдерімен (85,1%) жеткілікті жоғары деңгейде қамтамасыз ете алды.
Сүт өнімдерінің сегментіне келетін болсақ (жаңа сүттен қоспағанда), жалпы өнім желісі бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 84,4%-ды құрайды. Дегенмен жекелеген тауар топтары үшін жағдай оптимистік емес. Мәселен, жергілікті компаниялар сары майға деген сұранысты тек 67,9 %-ға, ал ірімшік пен сүзбеге деген сұранысты одан да аз, тек 53,7%-ға ғана қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, шұжық өнімдері (мұнда жергілікті компаниялардың үлесі 62,3%), жеміс-көкөніс шырындары (50,2%), өңделген және консервіленген балық, шаян тәрізділер мен моллюскалар (47,6%), шоколад (36,2%), қант (35,8%), шай және кофе (тек 29,9%) сияқты азық-түлік секторлары импортқа тәуелді болып қала береді.
2022 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша өнімдер мен тауарлардың импорттық жеткізілімдерінің бағасы бір жыл ішінде 12,8 %-ға өсті. Соның ішінде ТМД елдерінің өнімдері бойынша Қазақстан үшін импорт бағасының деңгейі айтарлықтай 21,3%-ға, басқа елдерден – 4,9%-ға өсті.
Азық-түлік өнімдерінің арасында қант пен кондитерлік өнімдер (бірден 38,7% - ға), еттен, балықтан немесе шаян тәрізділерден, моллюскалардан және өзге де су омыртқасыздарынан жасалған дайын өнімдер (32,3% - ға), жануарлардан немесе өсімдіктерден алынған майлар мен өзге майлардың (26,9%-ға), шұжықтар мен еттен жасалған ұқсас өнімдер (20,6%-ға), балық және шаян тәрізділер (19,6%-ға), күнбағыс майы (15%) қымбаттады.
Еліміздің ішкі нарығында ағымдағы жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша азық-түлік тауарларының тұтынушылық бағасы бір жылда 10 %-ға өсті. Өңірлік тұрғыда ең көп баға өсімі Ақмола, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында байқалды.
Азық-түлік өнімдерінің ішінде жарма (16%-ға), май және тоң май (14,1%-ға), макарон өнімдері (12,5%-ға), жемістер мен көкөністер (12,4%-ға), ұн (11,1%-ға), ет (11,1%-ға), қант (11%-ға) қымбаттады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024