Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 80 адамның, оның ішінде 7 баланың денесі үйінді астынан шығарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен адамдарға тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетуде», – делінген хабарламада.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас аймағында жойқын жер сілкінісі болды.
Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен қала толығымен сүрілетіні белгілі болды.
Қазақстанда жер сілкінісінен зардап шеккен түрік азаматтарына гуманитарлық көмек жинау жалғастыруда. Еріктілердің ұлттық желісі қазірдің өзінде 80 миллион теңге жинап үлгерді
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024