Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда үйінді астынан жеті адамды құтқарды

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда үйінді астынан жеті адамды құтқарды

Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 80  адамның, оның ішінде 7 баланың денесі үйінді астынан шығарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен адамдарға тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетуде», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас аймағында жойқын жер сілкінісі болды.

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен қала толығымен сүрілетіні белгілі болды.

Қазақстанда жер сілкінісінен зардап шеккен түрік азаматтарына гуманитарлық көмек жинау жалғастыруда. Еріктілердің ұлттық желісі қазірдің өзінде 80 миллион теңге жинап үлгерді

Похожие материалы