Қазақстандықтар 2021 жылы интернет арқылы 91 млрд теңгеге телефон сатып алған
Желі арқылы жүзеге асырылған қызметтер көлемі 350 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 141 млрд теңгеге артық. Алайда орындалған тапсырыстар саны айтарлықтай азайған. 2020 жылы 88,7 млн болса, 2021 жылы 45,4 млн ғана, деп хабарлайды 7kun.kz @DataHub_FCBK-ке сілтеме жасап.
Арна мәліметінше, бір тапсырыс бойынша орташа чек бір жыл ішінде екі есеге жуық өскен. 2020 жылы орташа чек 5,37 мың теңге, ал 2021 жылы 10,6 мың теңге болған.
Өңірлер бойынша айтсақ, бөлшек электрондық сауданың ең көп көлемі Алматыда – 272,8 млрд теңгеге жеткен. Бірақ бұл жерде көрсеткіштер тапсырыс берушінің мекенжайы бойынша емес, кәсіпорынның тіркелген жері бойынша есептелетінін атап өту маңызды. Яғни, барлық сауданың жартысынан көбін (жалпы республикалық көрсеткіштің 56,6%) алматылықтар иеленген. Демек, компаниялар осы қалада тіркелген.
Алайда, бір атап өтетін мәселе, 2020 жылы барлық электрондық сауданың 85%-ын 3 өңір: Алматы ($314,7 млрд), Нұрсұлтан ($59,6 млрд) және Қарағанды облысы ($32,5 млрд) қамтамасыз етті. Бірақ 2021 жылы бүл үш өңірдің үлесі 70%-ға дейін төмендеді.
Ал интернет арқылы ең көп сатып алынған тауарларға келсек, ең әуелі қазақстандықтар қомақты қаржыны телефонға жұмсалған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша телефон саудасының жалпы көлемі 91,6 млрд теңге. Бұл бір жыл бұрынғыдан 90,4%-ға артық. Барлық сатудың жартысынан көбі Алматы компанияларына тиесілі (48,8 млрд).
Екінші орында – тұрмыстық техника. Оның сатылуы 2020 жылмен салыстырғанда 2 еседен астам өсті: 29,5 млрд.-тан 60,9 млрд.-қа дейін. Үшінші орын – косметикалық тауарлар мен гигиеналық заттар (41,5 млрд.-тан 60,9 млрд.-қа дейін өсті).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024