Қазақстандықтар банктер арасында жедел аударым мен төлем жасай алатын болды
Нұр-Сұлтан. 21 маусым. 7kun.kz - Ұлттық Банк 24/7 режимінде банктер арасында жедел аударымдар мен төлемдер жүйесі іске қосылғанын хабарлады.
Мұнда ұялы телефон нөмірі арқылы аударымдарды және әртүрлі банктің клиенттері арасында QR-код арқылы төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұл сервистер 2 кезеңде бірінші, жеке тұлғалардың телефон нөмірі бойынша аударымдар, екінші, QR-код арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер іске қосылады.
Телефон нөмірі бойынша аударым жасау үшін ақша жөнелтушіге өз банкінің ұялы қосымшасында алушының ұялы телефон нөмірін енгізіп, аударым сомасын және алушының банкін көрсету жеткілікті. Аударылған ақша алушының банкіндегі шотына түседі. Банктер P2P-аударым қызметтерінің тарифін өздері белгілейді.
ҰБ хабарлауынша жүйеге екінші деңгейлі 9 банк қатысу келісімін жасап, 4-і клиенттерін жүйеге қосып қойды, қалған 5 банк қосылу процесінде. Қалғандары келісілген кестеге сай жоспарлы түрде қосылмақ.