Алматы. 25 қараша. 7kun.kz — Автомобиль және қалалық электр көлігі кәсіпорындарының табысы 2019 жылдың қаңтар–қазан айларында 222 млрд теңгеге жетті. Ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 204 млрд теңгені құрады, деп хабарлады energyprom.kz.
Автомобиль және қалалық электр көлігі кәсіпорындарының жалпы кірістеріндегі жүктерді тасымалдау өткен жылғы 59,1%-бен салыстырғанда 61,9%-ға жетті және 137,4 млрд теңгені құрады.
Тиісінше, жалпы кірістегі жолаушылар тасымалы үлесі 38,1%-ға төмендеп, 84,6 млрд теңгені құрады.
Жолаушылар тасымалы бойынша сектордағы маңызды үлес автобустарға тиесілі: 74,7 млрд теңге. Алайда, автобустардың үлесі 92,4%-дан 88,3%-ға дейін қысқарды.
Такси қызметтеріне, керісінше, сұраныс арта бастады - олардың үлесі 1,2%-дан 3,9%-ға дейін өсті. 2019 жылдың қаңтар–қазан айларында 3,3 млрд теңгеге жетті.
Троллейбустар мен трамвайларға барлық жолаушылар тасымалынан 1,7 млрд және 1,5 млрд теңге кіріс келеді. Басқа көлік түрлеріне - 3,4 млрд теңге.
Айта кетейік, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда такси компанияларының кірістері 3 еседен астамға өсті. Сонымен қатар, троллейбустардың (+40,8%), жүк автокөлігінің (+10,6%), трамвайлардың (+5,2%) және арқанды жолдар, метрополитен және тағы басқа көлік түрлерінің (+21%) табыстары өсімді көрсетті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024