Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар тікелей Президентке шағымдана алады

Қазақстандықтар тікелей Президентке шағымдана алады

Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігіне азаматтар үшін виртуалды қабылдауды ашуды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы күн сайын түрлі көздерден ауқымды ақпарат алады. Сондай-ақ, Президент коммуникацияның жаңа құралдары - интернет ресурстары мен әлеуметтік желілермен жұмыс істейді.

«Бүгін ақпарат ағыны қарқынды дамып келеді. Президент әрдайым маңызды оқиғаларға бейімделуге міндетті. Сондықтан мемлекеттік саясаттың басымдылығы халықпен тиімді кері байланыс орнату, қоғаммен диалог құру болып табылады. Жақында өткен облыс әкімдерімен кездесуде Қазақстан президенті министрлер мен әкімдерге әлеуметтік желілерде адамдармен тікелей байланыс орнату үшін белсенді жұмыс істеуді тапсырды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі үлгі беріп отырғандай, Твиттерде (@TokayevKZ) аккаунт жүргізеді, жақында инстаграмда (tokayev_online) бет ашты, онда адамдар өз түсініктемелерін, ұсыныстарын, пікірлерін қалдырады», - деді Берік Уәли.

Сонымен қатар, баспасөз хатшысы азаматтардың пікірлерінде жүйелі жұмысты талап ететін құнды және маңызды ақпарат бар екенін атап өтті. Сондықтан мемлекет басшысы Президенттің виртуалды қабылдауын ашуды тапсырды. Әрбір өтінішті президент және оның тапсырмасы бойынша әкімшілік қызметкерлері қарайды.

«Виртуалды қабылдау мемлекет басшысына ең қиын әлеуметтік проблемаларды анықтауға көмектеседі», - деді Берік Уәли.

Похожие материалы