Қазақстандықтарды WhatsApp және Telegram арқылы алдаған қаржы пирамидасы анықталды
БҚО. 8 тамыз. 7kun.kz – Батыс Қазақстан облысында WhatsApp және Telegram арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастыру бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қаржы мониторингі агенттігі мәліметінше, «BINCLOUD» деп аталатын қаржы пирамидасы халықтың ақшасын мессенджерлер арқылы жинаған.
«BINCLOUD» бағдарламасына сәйкес жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алып, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық табыс табады. Сонымен қатар кіріс қаражатын шығару кезінде клиенттерден қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады», – деп хабарлады агенттікте.
Пирамида құрылтайшысы айтарлықтай ақша жинағаннан кейін барлық төлемді тоқтатып, жоғалып кетеді.
Қаржы мониторингі агенттігі «BINCLOUD» бағдарламасынан зардап шеккен адамдарды аумақтық департаменттерге немесе сенім телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024