Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz — Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Асқар Мамин негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы және министрлер кабинетінің алға қойған мақсаты туралы баяндады.
"Үкіметтің 2020 жылға арналған жұмысының негізгі мақсаты экономиканың 4,7-5% деңгейінде өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, 430 мың жаңа жұмыс орнын құру, негізгі капиталға инвестицияларды 20%-ға жеткізу, шикізаттық емес экспортты 18,6 млрд долларға дейін ұлғайту, халықтың нақты кірісін 6%-ға арттыру міндеті қойылды", - деді ол.
Премьер-министрдің сөзінше, министрлер кабинеті жұмысының басты басымдығы - экономикалық өсімді қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін нақты арттыруға айналдыру. Осы мәселелерді шешу үшін, Маминнің айтуынша, үкіметте нақты жоспар бар.
Сондай-ақ, Асқар Мамин отырыста 2019 жылдың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы айтты.
"Бизнес-ортаны жетілдіру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан Doing Business рейтингісінде өзіне 3 позиция қосып, 25-ші орынға ие болды және Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 55-ші орынға ие болды (оған қоса төрт позиция)", - деді Асқар Мамин.
Бизнес-ортаны одан әрі жетілдіру шеңберінде заңнамаға түзетулер пакеті әзірленді – банк шоттарын ашу, кәсіпорындарды тіркеу рәсімдерін одан әрі жеңілдету, "кәсіпкерлердің адалдық презумпциясы" қағидаттары енгізу.
Сонымен қатар, премьер-министрдің мәліметінше, 2019 жылы 25 миллиард долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылды: тау – кен өндірісі – 58%, өңдеу – 14%, сауда-12%.
"Шағын және орта бизнес өнімдерін шығару 9%-ға артты. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 29,5%-ға жетті, ал 2018 жылы көрсеткіш 28,4%-ды құрады. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 8%-ға өсті - 2018 жылы 1,24 миллионнан 2019 жылы 1,34 миллионға дейін", - деді Үкімет басшысы.
Бұдан басқа, "Қарапайым заттар экономикасын" дамыту бойынша жеңілдетілген кредит беру бағдарламасымен 217 млрд теңге сомасына 920 жоба мақұлданды, банктерде 207 млрд теңге сомасына 300-ден астам жоба қаралып жатыр. Отандық кәсіпорындарға экспортты 230 млрд теңгеге жылжыту бойынша қолдау көрсетілді.
2020 жылдың 1 қаңтарына жекешелендірудің Кешенді жоспары 93%-ға орындалды. 545 млрд теңге сомаға 504 нысан іске асырылды, 295 нысан қайта құруға және жоюға бағытталған.
"Нұрлы жол", "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру және өңірлерді дамыту 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салуға, 4400 км астам құрылыс пен қайта жаңартуды қамтуға және 640 км астам республикалық жолдарды пайдалануға беруге мүмкіндік берді. "Ауыл – Ел бесігі" жобасы бойынша 53 ауылда 452 жоба жүзеге асырылды", - деді Асқар Мамин.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024