Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанның Даму Банкі 2020 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қор биржасында борыштық бағалы қағаздарды орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында банк төрағасы Болат Жәмішев айтты.
«Биылғы жылы біз орналастыруды жоспарлап отырған жоқпыз. Келесі жылы шетел валютасында орналасамыз. Бірақ біз нарықтық жағдайды және қаржыландыруға деген қажеттілігімізді қарастырамыз. Бізден инвесторлар жоспар туралы жиі сұрайды, сондықтан бұл ақпарат оларға пайдалы болады», - деді ол.
Бұдан басқа, банк АХҚО негізінде инвесторлармен келісім-шарттарда болуы мүмкін төрелік шешімдерді тіркеуді бастауды жоспарлап отыр.
«Бұл барлығы үшін тиімді және арзан болар еді. Біз АХҚО-мен өзара іс-қимылдың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға тырысамыз», - деді Жәмішев.
Сонымен қатар, ол ішкі нарықта банк тұрақты түрде орналасатынын еске салды.
«Біз индустрияландыру бағдарламасы бойынша несиелендіреміз, ол әрбір бюджеттік теңгеге соншалықты нарықтан тартуды қарастырады. Сондықтан біз қажеттілігіне қарай барлық жерде орналастырамыз», - деді төраға.
Еске сала кетейік, бұған дейін Болат Жәмішев ҚДБ Басқарма төрағасы қызметінен кететін хабарлаған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024