Алматы. 11 шілде. 7kun.kz – 12-14 шілдеде Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында қатты ыстық болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Күндізгі температура:
- батыста – 34-42 градус ыстық;
- оңтүстік-батыста – 40-45 градус ыстық;
- солтүстік-батыста – 30-40 градус ыстық.
Оңтүстік белдеуде де ауа температурасы 32-40 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 25-35 градусқа дейін көтеріледі. Еліміздің басқа аймақтарында күндіз ауа температурасы:
- солтүстікте және орталықта - 22-30 градус;
- шығыста - 17-25 градусқа дейін нөлден жоғары.
Батыс пен оңтүстік-батыстан басқа елдің көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттарға байланысты жаңбыр жауады.
«12-13 шілдеде республиканың орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін», – дейді синоптиктер.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024