Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның оңтүстік-батысында 45 градусқа дейінгі ыстық болжануда

Қазақстанның оңтүстік-батысында 45 градусқа дейінгі ыстық болжануда

Алматы. 11 шілде. 7kun.kz – 12-14 шілдеде Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында қатты ыстық болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Күндізгі температура:

  • батыста – 34-42 градус ыстық;
  • оңтүстік-батыста – 40-45 градус ыстық;
  • солтүстік-батыста – 30-40 градус ыстық.

Оңтүстік белдеуде де ауа температурасы 32-40 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 25-35 градусқа дейін көтеріледі. Еліміздің басқа аймақтарында күндіз ауа температурасы:

  • солтүстікте және орталықта - 22-30 градус;
  • шығыста - 17-25 градусқа дейін нөлден жоғары.

Батыс пен оңтүстік-батыстан басқа елдің көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттарға байланысты жаңбыр жауады.

«12-13 шілдеде республиканың орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін», – дейді синоптиктер.

Похожие материалы