Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанның негізгі капиталындағы инвестиция 2,1 трлн теңгені құрады. Үш өңірдің негізгі капиталына инвестициялар 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеді.
Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, Шымкентте қаржы салымдарының ең көп азаюы байқалды - 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларына қарағанда 5 есе аз. Ал ең көп өсім Қызылорда облысына тиесілі, мұнда инвестиция көлемі 2 есе артты.
2019 жылдың І тоқсанында Атырау облысы ең көп инвестиция (1 трлн теңге) алып келді. Ал негізгі капиталға салынған салымдардың ең аз көлемі Солтүстік Қазақстан облысында (30 млрде теңге) тіркелген.
Қала-мегаполистер арасында Алматының ең үздік көрсеткішке ие болды – 131 млрд теңге. Нұр-Сұлтан инвестициясы (79,4 млрд теңге) екі есеге төмендеді. Шымкентте - 38,2 млрд теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024