Алматы. 3 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 161,5 млрд. АҚШ долларын немесе ІЖӨ-ге қатынасы 94,0% (жыл басынан бастап 8,6%-ға жақсарып) құрады.
Ұлттық банктің мәліметінше, сыртқы борыш құрылымында 63,7%-ын бұрынғысынша фирмааралық берешек, 25,7% байланысты емес кредиторлар алдындағы «Басқа секторлардың» сыртқы борышы, 7,1% мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,5% - «Банктер» секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) алып отыр.
2018 жылғы 3-ші тоқсанда экономиканың барлық секторлары есебінен елдің сыртқы борышы 3,0 млрд АҚШ долларына қысқарды.
Мемлекеттік сыртқы борыш негізінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын өтеу және оларға шетел инвесторларының сұранысының азаюы есебінен 452,9 млн. АҚШ долларына қысқарды.
«Банктер» сыртқы міндеттемелері ең алдымен Қытайдың экспорт-импорттық банкі берген кредиттерді жоспарлы өтеу есебінен 452,9 млн. АҚШ долларына қысқарды.
«Басқа секторлардың сыртқы борышы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 1,6 млрд. АҚШ долл. сомасындағы 10-жылдық еврооблигацияларын өтеу және «КазАгро» ҰБХ» АҚ 420,4 млн. евро соммасындағы 5-жылдық еврооблигацияларын ішінара мерзімінен бұрын өтеуін төлеп алу есебінен азайды», - деп атап өтті Ұлттық банк.
Талдамалық мақсатта сыртқы борыш құрылымында есепті кезеңде 2,5 млрд. АҚШ долларына азайып, 2018 жылғы 1 қазанда 24,0 млрд. АҚШ долл. құрған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы (мемлекеттік сектор капиталына 50%-дан астам тікелей немесе жанама қатысатын банктер мен ұйымдар) жеке көрінеді.
Фирмааралық берешек мұнайгаз секторының ірі компанияларының шетелдік ұймдардың еншілес және тел кәсіпорындарынан несиені өтеу нәтижесінде 823,7 млн. АҚШ долл. қысқарды.
Қазақстан Республикасының таза сыртқы борышы 2018 жылғы 3-тоқсанда 1,4 млрд. АҚШ долларына ұлғайып, 48,0 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте мемлекеттік сектор және «Банктер» қалған әлемге қатысты таза кредиторлар болды, ал «Басқа секторлар» таза қарыз алушылар болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024