Алматы. 6 маусым. 7kun.kz – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур, Германия және Иорданиядағы елшілерді тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Еліміздің Сингапурдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов, Германиядағы елшісі қызметіне Дәурен Айтбайұлы Кәріпов, Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі елшісі қызметіне Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов тағайындалды.
Мемлекет басшысы Үсен Сүлейменді қызметінен босатты. Ол Қазақстанның Сингапурдағы және Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі болды.
Сондай-ақ, Болат Нүсіпов Қазақстанның Германиядағы, ал Азамат Бердібай Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирак, Ливан, Палестина мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024