Экономика
Авто
Қазақстанның даму банкі БЖЗҚ-дан 65 млрд теңге алады
Астана. 25 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанның даму банкі осы аптада Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 65 млрд теңге алу мақсатында облигацияларын орналастырады. Бұл туралы ҚДБ басшысы Болат Жәмішев Астанадағы экономикалық форум кезінде журналистермен кездесу барысында мәлімдеді.
«Біз БЖЗҚ-дан осы айда, нақтырақ осы аптада 65 млрд теңге және маусым айының басында 30 млрд теңгені аламыз", - деді Жәмішев.
Оның сөзінше, 30 млрд теңге "экспортық және экспорт алды қаржыландыруға" бағытталады. "Бізге Ұлттық қордан 15 млрд теңге берілген. БЖЗҚ-дан алынатын ақша одан көбірек. Нәтижесінде бізде экспортық және экспорт алды қаржыландыруға жұмсалатын 45 млрд теңге болады", - деді ол.
Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан алынатын 65 млрд теңге индустралды-инновациялық дамау бағдарламасын жзеге асыруға жұмсалады.