"Қазатомөнеркәсіп " Ұлттық атом компаниясы" АҚ
Тәуелсіз директоры - Директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфэллоу 21 маусымда қызметінен кетеді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"Нил Лонгфэллоу мырза өзі берген хабарламаға сәйкес 2023 жылдың 21 маусымынан бастап Қазатомөнеркәсіптің тәуелсіз директоры-Директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетеді", - делінген ақпаратта.
Лонгфэллоу 2017 жылғы 8 тамыздан бастап "Қазатомөнеркәсіп" Директорлар кеңесінің мүшесі және 2020 жылғы 18 мамырдан бастап Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келген еді.
"Мен" Қазатомөнеркәсіпке " және оның барлық қызметкерлеріне әлемдік уран нарығында біздің стратегиямызды ұзақ мерзімді қолдағаны және іске асырғаны үшін алғыс айтқым келеді. "Қазатомөнеркәсіптің" директорлар кеңесінде алты жыл табысты жұмыс істегеннен кейін мен компаниядан кетіп, жаңа мүмкіндіктерді зерттеу үшін әрі қарай жүру туралы шешім қабылдадым", - деді Лонгфэллоу, оның сөзін баспасөз қызметі келтірген.
Оның орнына кім келетіні туралы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, жақында атом компаниясының жылдық есебінен "Буденовское" уран кенішін Росатом сатып алғаны белгілі болды. Шетелдік және отандық БАҚ-та қызу талқыға түскен бұл келісім нәтижесінде "Қазатомөнеркәсіп" топ-менеджерлерінің топ-тобымен қызметтен кеткені туралы жазды. Мысалы: Bloomberg соңғы
18 айда екі бас директор (Ғалымжан Пірматов пен Мәжит Шарипов), қаржы директоры (Камила Сыздықова), бас операциялық және коммерциялық директорлары (Аслан Бөлекбай мен Асқар Батырбаев) қызметінен кетті дейді.
Бұл туралы "Қазатомөнеркәсіп" АҚ экс-басшысы Мұхтар Жәкішев те BaitassovLive YouTube-арнасына пікір білдірді. Оның айтуынша бұл келісімнен Қазақстан да, Қазатомөнеркәсіп те табыс таппайды. Табыстың бәрі ресейлік олигарху Анисимов пен қазақстандық бизнесмен Клебановтың қалтасына түседі. Өйткені үлестің меншік иесі екеуі болған. Ол сондай-ақ, Росатом санкцияға ілінсе, осы келісімнің нәтижесінде Қазатомөнеркәсіп те санкция құрығына ілінуі мүмкін екенін атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024