Выбор редактора
ҚазТрансОйлдың қарапайым акциясына төленетін дивиденд көлемі - 133 теңге
Астана. 30 мамыр. 7kun.kz - «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бір ғана қарапайым акциясына төленетін дивиденд көлемі осы жылы 133 теңге немесе 18,3%-ды құрайды. Төлем мерзімі 27 маусымнан басталады. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Нұртас Шманов компанияның баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Дивидендтердің жалпы сомасы 51, 156 млрд теңгені құрады. Оның ішінде – 44 712 936 000 теңгесі немесе 100%-s 2015 жылғы кіріс болcа, 6,4 млрд теңге өткен жылдардағы үлестірілмеген қызмет қаржысы есебінен.
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Қор биржасының листингінен өткен. Халықтық IРО-ның 2012 жылдың қараша-желтоқсанындағы нәтижесі бойынша компания акционерлерінің саны 33 989 адамды құрады және 10 жинақтаушы зейнетақы қоры бар.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024