Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазТрансОйлдың қарапайым акциясына төленетін дивиденд көлемі - 133 теңге

ҚазТрансОйлдың қарапайым акциясына төленетін дивиденд көлемі - 133 теңге

Астана. 30 мамыр. 7kun.kz - «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бір ғана қарапайым акциясына төленетін дивиденд көлемі осы жылы 133 теңге немесе 18,3%-ды құрайды. Төлем мерзімі 27 маусымнан басталады. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Нұртас Шманов компанияның баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері компанияның 2015 жылғы кірісті жұмсау кестесін әзірлеп, 2015 жылғы дивидендтерінің акцияларын нақтылау көлемі шешілді. Акционерлердің шешімі бойынша бір акция дивидендінің көлемі 133 теңге немесе 18,3 пайызды құрады», - деді ол.

Дивидендтердің жалпы сомасы 51, 156 млрд теңгені құрады. Оның ішінде – 44 712 936 000 теңгесі немесе 100%-s 2015 жылғы кіріс болcа, 6,4 млрд теңге өткен жылдардағы үлестірілмеген қызмет қаржысы есебінен.

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Қор биржасының листингінен өткен.  Халықтық IРО-ның 2012 жылдың қараша-желтоқсанындағы нәтижесі бойынша компания акционерлерінің саны 33 989 адамды құрады және 10 жинақтаушы зейнетақы қоры бар.

Похожие материалы