Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҰҚК есірткі құрылымымен байланысты 15 адамды ұстады

ҰҚК есірткі құрылымымен байланысты 15 адамды ұстады

Қазақстан. 6 маусым. 7kun.kz – ҰҚК есірткі арнасымен байланысы бар деген 15 адамды ұстады, деп хабарлайды 7kun.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы сәуір мен мамырда ғана ҰҚК Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің арнаулы қызметтерімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 30-дан аса есірткіге қарсы операция жүргізді. Есірткі трафигінің 9 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылып, синтетикалық есірткі өндіретін 8 ірі жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды.

«Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 кг есірткі, оның ішінде: 90 кг синтетикалық есірткі (270 мың «бір реттік мөлшерге» тең), 85.2 кг марихуана, 14 кг апиын, 4 кг гашиш алынды. Бұдан басқа, 800 экстази  таблеткасы, 500 түп «голланд» марихуанасы және психотроптық заттарды дайындауға арналған 4 тонна химиялық реагенттер айналымнан шығарылды», – делінген хабарламада.

2 ай ішінде алынған есірткінің "қара нарықтағы" жалпы сомасы 2.3 миллиард теңгеден астамға бағаланып отыр.

Похожие материалы