Экономика
Авто
Қор нарығында қызмет көрсетуші Teletrade Central Asia компаниясы алаяқтықпен айналысқан
«Forex» нарығында белсенді қызмет көрсетіп келген Teletrade Central Asia компаниясына қатысты ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі реггеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Астана қалалық ІІД хабарлады.
«Елордалық ІІД тергеу бөлімі «Teletrade Central Asia» ЖШС-ға ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Компания 2014-2016 жылдары «Forex» әлемдік қаржы биржасының нарығында брокерлік немесе трейдерлік қызмет көрсетуді желеу етіп, Астана қаласы мен өзге аймақ тұрғындарының ақшасын иемденген», - деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен. Ведомствоның хабарлауынша аталған компания трейдерлерімен сауда операциясын жүргізу бойынша келісімшарт жасасқан, олар биржада интернет арқылы виртуалды сауданы жүзеге асырған трейдерлерге жеке сауда шоттарының кілтсөзін берген. Кейін инвесторларға «Forex» нарығындағы бірқатар қиындықтарға байланысты олар шығынға ұшырағанын хабарлаған. "Астана қ. ІІД «Teletrade Central Asia» ЖШС қызметінен зардап шеккендерден, сонымен қатар аталған қылмыстық істі тергеуде қажет ақпаратты білетін тұлғалардан 71-62-13, 71-60-10, 8-702-61-27-137, 8-701-465-10-71 телефон номерлеріне хабарласуды сұрайды», - делінген хабарламада. Еске салайық, Teletrade компаниясының оқыту, қызмет көрсету бойынша жарнамасын интернеттен жиі көруге болады. Дереккөз:Inform.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024