Алматы. 4 шілде. 7kun.kz — Екі апта ішінде Арыс қаласында орналасқан әскери қоймадан оқ-дәрілерді тасымалдау жұмыстары басталады. Бұл туралы бүгін Сенатта Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.
"Арсеналды ауыстыру бойынша Қарулы күштер жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бар және екі апта ішінде осы оқ-дәріні тасымалдау жұмыстары басталады, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұған қаражат резервтен (үкіметтен) қарастырылған", - деді Ермекбаев.
Еске сала кетейік, Арыс қаласының әскери қоймасындағы жарылыс 24 маусым күні таңертең басталды. Сол күні Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарды көшіру туралы шешім қабылдады. ТЖ салдарынан үш адам қаза тапты. Медициналық көмекке 409 адам жүгінген. Оның ішінде 329 адам амбулаторлық емделуге жіберілді, 80 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 13-і бала.
27 маусымнан бастап көшірілген қала тұрғындары өз үйлеріне оралды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024