Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары қандай көмек алатынын айтты
Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz – Ми-8 әскери тікұшағының апаты кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары бес жылдық ақшалай қаражат алады. Бұл туралы мәжіліс барысында Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәлімдеді.
«Бес жылдық ақшалай қаражат... Әскери қызметшілер алатын бір айлық жалақы 5 жылда бір рет беріледі. Әр отбасына, мұрагерлеріне. Қаржыгерлер тиісті есептерді жүргізеді. Бұрын айтқанымыздай, бастапқы лауазымдардың жалақысы орташа есеппен 140 мың теңгеден басталады, ал келісім-шартпен - 60-70 мың теңгеден аз. Төлемдер Қорғаныс министрлігінің бюджетінен жүзеге асырылады», - деді Талғат Мұхтаров.
Сонымен қатар, қаза тапқандардың балаларына басқа да көмек көрсетіледі.
«Ұжым, Қарулы Күштер моральдық тұрғыдан назарынан тыс бұл отбасыларды қалдырмайды. Сонымен қатар, заңда әскери оқу орындарына түсу кезінде жетімдерге, әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің балаларына тиісті жеңілдіктер қаралған. Егер отбасында әскери қызметші қайтыс болса, оның бауырлары әскери қызметке шақырылмайды», – деп түсіндірді вице-министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024