Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР Ішкі істер министрі: Ерлан Тұрғымбаев

ҚР Ішкі істер министрі: Ерлан Тұрғымбаев

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері. 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1984 жылы - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі ҚазҰУ) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша тәмамдаған.

2003 жылы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.

Ғылыми атақтары:

Заң ғылымдарының кандидаты

Диссертация тақырыбы: "Билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік".

Еңбек жолы:

1984-1986 жылдары - Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің Ішкі істер бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі болды.

1986-1993 жылдары - Алматы қалалық Алатау АІІБ жедел уәкілі, тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі, бастықтың орынбасары, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

1993-1995 жылдары - Алматы қаласы ІІББ тергеу басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

1995 жылы - Алматы қалалық ІІББ Калинин АІІБ бастығы болды.

1995-1996 жылдары - Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша МТК бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті Салық полициясы бас басқармасының салықтық тергеу басқармасының бастығы болып еңбек етті.

1997 жылы - Алматы қаласы ІІББ тергеу басқармасының бастығы,
 Алматы қалалық ІІББ Жетісу АІІБ бастығы лауазымын иеленді.

1997-2000 жылдары - Алматы қаласы ІІББ бастығының орынбасары болды.

2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 9-департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды.

2001-2002 жылдары - "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" ЖАҚ басқарушы директоры болып сайланды.

2002 жылы (ақпан - қыркүйек) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 9-департаментіне басшылық етті.

2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.

2003-2006 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы ІІБ бастығы болып жұмыс істеді.

2006 жылы (мамыр - тамыз) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу комитетінің төрағасы болды.

2006-2012 жылдары - Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы лауазымын иеленді.

2012-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болып еңбек етті.

12.02.2019 жыл - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды.

Әскери шені:

Полиция генерал-майоры (2007 жыл)

Марапаттары:

  • ІІ дәрежелі "Даңқ" ордені
  • ІІ дәрежелі "Айбын" ордені (2005)
  • І дәрежелі "Қайсар" белгісі
  • III дәрежелі «Александр Невский» (РФ) ордені
  • 11 медалі бар
  • ҚР ІІМ Құрмет грамоталары

Еңбектері:

«Билік немесе қызмет өкілеттілігінің шегінен шыққаны үшін қылмыстық жауапкершілік» монографиясының (2004), сондай-ақ 14 мақаланың авторы.

Отбасы:

Әкесі - Тұрғымбаев Заманбек Есімбекұлы (1937 жылы туған), зейнеткер, ҚазКСР Министрлер кеңесі кабинетінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген.

Анасы - Темірбекова Күлжамал Мұхтарқызы (1939 жылы туған), зейнеткер, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қызмет еткен.

Әйелі - Рима Еренатқызы Жансараева, заң ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің доценті.

Балалары: ұлдары - Марлен (1987 жылы туған), Марғұлан (2001 жылы туған)

Дереккөздер: online.zakon.kz, kk.wikipedia.org.

Похожие материалы