Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қымбат бензин мен газ: Монополияны қалай жою керек?

Қымбат бензин мен газ: Монополияны қалай жою керек?

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин негізгі тауар нарықтарын демонополиясыздандыру шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, Қазақстандағы мұнай және мұнай өнімдері нарықтарының негізін "ұңғымадан жанармай құю станциясына дейін" қағидаты бойынша жұмыс істейтін тігінен интеграцияланған компаниялар құрайды.

CNPC және "ҚазМұнайГаз" компанияларының топтары мұнай өндірудің 80 %-ын жүзеге асырып, мұнай өңдеу зауыттарында қайта өңдеуді қамтамасыз етеді және алыс-берістер (Petrosun, ҚМГ, PetroleumOperating) арқылы жанар-жағар майды Sinooil, PetroRetail, «АвтогазТрэйд» (GazEnergy) секілді еншілес, ірі компанияларға сатады.

«Бағаны айқындау мұнай өнімдері себетінің құнын кері есептеу тетігі негізінде жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, мұнай өнімдеріне оңтайлы баға белгіленген кезде оны сатып алу бағасы қалыптасады. Орталықтандырылған сауда мен нарықтың биржалық индикаторларын қолданбай тікелей шарттар әрекет етеді», – деді Жұманғарин Мәжілістегі дөңгелек үстел барысында.

Бұл ретте CNPC және ҚазМұнайГаз өңдеудің негізгі бөлігін құрайды. Бұл мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда нарығындағы бәсекелестікті дамыту мүмкіндіктерін шектейді.

"Сонымен қатар, мұнай мен оның өнімдерін өңдеудің технологиялық циклдері бұзылды. Павлодар химия зауыты мен Атырау мұнай-химия зауытында газ сақтайтын парктер жеке қолға беріліп, жеке монополиялар құрылып, газ бағасы жасанды түрде көтерілді. Қазіргі уақытта аталған зауыттарға қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.

Көтерме сауда нарығында негізгі мұнай жеткізушілер – "Petrosun" ЖШС, "PetroleumOperating" ЖШС және "Қазмұнайгаз"АҚ. Олар шикізатты CNPC және ҚМГ тобына кіретін жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алады.

«11 миллион тонна мұнай өнімдерінің үштен екісі тікелей бөлшек сауда желілеріне, ал үштен бірі инфрақұрылымы жоқ қайталама көтерме жеткізушілерге сатылады.

Қазақстандық жанармай қауымдастығының мәліметінше, жанармай құю станцияларының тәуелсіз желілері мұнай өнімдерінің жетіспейтін көлемін делдалдардан алады. Мұнай өнімдерінің көтерме нарығындағы бағасы да нарықтағы орташа бағамен сәйкес келмейді. Тікелей келісімшарттары бар биржалық сауда ішкі нарықтың жалпы көлемінің 10%-ын ғана қамтиды. Мұндай жағдайда ірі мұнай жеткізушілердің маржасы 30%-ға, ал еншілес делдалдардың үлесі 10-15%-ға жетеді», – деді Серік Жұманғарин.

Похожие материалы