Экономика
Қырғызстанда автокөлік нөмірлері жаңа үлгіге ауыстырылады
2016 жылдың наурыз айынан бастап Қырғызстанда автокөлік нөмірлері өзгеретін болды. Басты жаңалық KG нөмірлер жойылады. Сондай-ақ, бұған дейін нөмірлерді «Анкер» атты жеке компания әзірлеп келсе, енді мемлекеттің өзі қолға алмақ. Бұл туралы жұма күні ҚР Мемлекеттік тіркеу қызметінің төрағасы Тайырбек Сарпашев Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында айтты деп жазуда, қырғызстандық БАҚ.
Жаңа нөмірлерде шрифт өзгертіліп, сандар үшке дейін азаяды, сондай-ақ үш әріптен тұратын белгі болады. Сонымен қатар аймақтар көрсетіледі. Бұл жағынан жаңа нөмірлер Қазақстандық автокөлік нөмірлерімен ұқсас стандартқа көшпекші.
KG нөмірлермен қатар, 001, 002, 003 деген нөмірлер де пайдаланудан алынады. "Мемлекеттік немесе жекеменшік көлік нөмірлерінде айырым белгілері болады. Бірақ, олардың айырмашылығы тіпті байқалмайды. Өйткені жолда бәріміз теңбіз" - деді, Тайырбек Сарпашев.
Оның айуынша ескі нөмірлер көлік сатылғанға дейін қолданыста қала береді. Сатылған соң жаңа нөмірге көшірілуі тиіс.